3.2. Пайдаланушы Лицензиарға берілген кез келген ақпараттың толықтығы мен
шындыққа сәйкес келуіне жауап береді.
3.3. Пайдаланушы өзінің электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзінің қауіпсіздігі
мен сақталуына, сондай-ақ авторизациядан кейін Пайдаланушы жасаған барлық әрекеттерге
жауап береді. Пайдаланушы Платформа Әкімшілігіне электрондық пошта мекенжайы мен
құпия сөзді және/немесе қауіпсіздіктің кез келген бұзылуын пайдаланып рұқсатсыз Жүйеге
қол жеткізудің кез келген жағдайы туралы дереу хабарлауға міндетті. Платформа Әкімшілігі
Пайдаланушы есептік жазбасына рұқсатсыз кіру нәтижесінде келтірілген залал үшін жауап
бермейді.
3.4. Авторлық құқық объектісінің атауы, оның сипаты, сипаттамасы, оны жүктеу,
пайдалану, көру, тыңдау үшін қажетті техникалық талаптары және ол туралы өзге де
ақпараттар тиісті авторлық құқық объектісінің парақшасында және (немесе) Интернет-
сайттың басқа да бөлімдерінде қамтылады, сонымен қатар Пайдаланушының жеке сұранысы
бойынша (соның ішінде онымен авторлық құқық объектісін сатып алған кезге дейін)
Пайдаланушымен көрсетілген электронды пошта мекенжайына жіберу арқылы берілуі
мүмкін. Лицензиар тиісті авторлық құқық объектілері туралы ақпарат қамтылатын басқа да
интернет-ресурстарда сілтемелер орналастыруға да құқылы.
3.5. Лицензиар біржақты тәртіпте ресми көздерінде сатып алуға ұсынылатын кез келген
авторлық құқық объектісінің бағасын өзгертуге құқылы. Жаңа баға Интернет-сайтта немесе
Лицензиардың басқа да ресми көздерінде тиісті авторлық құқық объектісінің (объектілерінің)
парақшасында оны көрсеткен кезден бастап күшіне енеді. Жаңа баға тиісті өзгерістер күшіне
ену кезінде Пайдаланушылармен оларды көру немесе тыңдау үшін ашылып қойған авторлық
құқық объектісі даналарына қолданылмайды.
3.6. Лицензиар өз қалауы бойынша Офертаға өзгерістер енгізуге құқылы. Офертаға
енгізілген өзгерістер Лицензиармен анықталған күні күшіне енеді.
3.7. Интернет-сайт уақытша (белгілі немесе белгісіз мерзімге) қолжетімсіз болуы
мүмкін, барлық немесе кейбір авторлық құқық объектілерін сатып алу мүмкіндігі уақытша
(белгілі немесе белгісіз мерзімге) немесе біржола шектелуі немесе профилактикалық немесе
басқа да жұмыстар жүргізілу себебімен, сонымен қатар басқа да кез келген себептермен
тоқтатылуы мүмкін. Лицензиар Пайдаланушыларды немесе басқа да тұлғаларды хабардар ету
қажетінсіз профилактикалық немесе басқа да жұмыстар жүргізуге құқылы.
3.8. Лицензиар түрлі мерзімді және мерзімсіз науқандар, бағдарламалар және басқа да
ұқсас іс-шаралар жүргізуге (өткізуге) құқылы. Пайдаланушылардың осындай іс-шараларға
қатысуы ерікті болып табылады. Осындай іс-шаралардың қатысушылары болған
Пайдаланушыларға оларға ерікті ерік білдіру арқылы оларға қатысулы тоқтату мүмкіндігі
қамтамасыз етілуі тиіс. Тиісті науқандардың, бағдарламалардың және басқа да ұқсас іс-
шаралардың қатысушылары болған Пайдаланушылар авторлық құқық объектілерін
(қызметтер пакетін және т.б.) осы іс-шаралардың қатысушысы болып табылмайтын басқа
Пайдаланушыларға осы авторлық құқық объектілері сатып алынатын жағдайлардан басқа
жағдайда (құны, төлем шарттары және басқа да шарттар) сатып алу құқығына ие болады.
Нақты науқандардың, бағдарламалардың және басқа да ұқсас іс-шаралардың мазмұнына қарай
олардың қатысушылары болған Пайдаланушылар басқа да құқықтар мен міндеттерге ие болуы
мүмкін. Тиісті науқандардың, бағдарламалардың және басқа да ұқсас іс-шаралардың нақты
шарттары Лицензиармен өз қалауы бойынша анықталады және Интернет-сайтта
жарияланады.
3.9. Қызметтердің құнын Лицензиар келесіге байланысты өзгерте алады:
-
Пайдаланушының жеке жеңілдіктері;
-
нақты ЖАОК үшін көзделген бонустық шарттар.
3.10. Тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы студент кешбэктерді жинақтайды, кейін
оны «кешбэк алу» түймесін басу арқылы шығаруға болады.